
22 ақпан мен 13 наурыз аралығында Нұр-Сұлтан және Павлодар қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған Х қысқы оқушылар Гимназиадасы өтеді.
Республикалық бәсекеде жасөспірімдер спорттың 8 түрінен бақ сынайды.
Алғашқы сайыс конькимен жүгіру 22-25 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласындағы «Алау» мұз айдынында өтеді.
Жарыстың ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев, «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» бас директоры Тастанбек Есентаев, Конькимен жүгіру ұлттық федерациясының бас хатшысы А.Макишева қатысып, оқушыларға сәттілік тіледі.
Сайыстың бас төрешісі – А.С. Гаврилов; Бас хатшы – К.В. Ищенко.
Конькимен жүгіру спорты бойынша 8 командадан 93 оқушы жарыс жолына шығады.
Айта кетейік, Гимназиаданың ашылу салтанаты 28 ақпанда сағат 11:00-де Петропавл қаласының биатлон алаңында өтеді. Барлығы 8 спорт түрі бойынша 12 өңірден 1300-ге жуық оқушы қатысады.
Мәнерлеп сырғанау 24-28 ақпан, Нұр-Сұлтан қ, «Сарыарқа» СК.
Биатлон - 26 ақпан - 3 наурыз, Петропавл қ, биатлон трассасы.
Шайбалы хоккей – 26 ақпан - 5 наурыз, Петропавл қ, А.Винокуров атындағы спорт сарайы.
Президенттік қысқы көпсайыс – 27 ақпан - 3 наурыз, Петропавл қ., биатлон трассасы.
Шаңғы жарысы – 6-12 наурыз, Петропавл қ., шаңғы базасы.
Қысқы спорттық бағдарлау – 7-12 наурыз, Петропавл қ., қысқы спорттық бағдарлау трассасы.
Шорт-трек - 9-13 наурыз, Нұр-Сұлтан қ., «Сарыарқа» СК.
Facebook: https://www.facebook.com/NNPCFK/
Youtube: https://www.youtube.com/channel/UCUgevW0lUxgW8iuPmR0foHw
Instagram: https://www.instagram.com/nnpcfk_mon_rk/?hl=ru
Қосымша ақпарат: Гүлжайна Мұхашева, тел.: 87766110111