
Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсе қызметкерлері «Қазақ әуендері» АҚ ұжымында іс-шара өткізді.
Іс-шараға «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері - Мәдениет және спорт министрі кеңесшісі М.М. Дүйсенов, А.Ә. Сақтағанова және Е. А. Тілепбердиев қатысты.
Қоғам тарапынан жиналысқа «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамының Президенті Н. Қамзин, Вице-президенті А. Жотабаева, логистика бөлімінің басшысы Д. Тамабаев, әкімшілік-құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Б. Әйтімова, жетекші заңгер М. Мұқатаев, заңгер М. Есмағанбетов және «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамының «Адалдық алаңы» жобасын іске асыруға жауапты А. Айтымова қатысты.
Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсе басшысы М. Қамзолдаев қатысушыларды жобалық кеңсенің қызметімен таныстырды, оның міндеті мен мақсаттары туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер туралы қысқаша баяндама жасады. Жобаныің басты мақсаттарына тоқталып, тұрмыстық сыйбайлас жемқорлықты азайту үшін қандай іс-шаралар атқарылғанын, атқарылып жатқанын, үстіміздегі жылы қандай іс-шараларды жүзеге асыру керек екеніне тоқталды.
Мәдениет және спорт министрі кеңесшісі, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілі Мерген Дүйсенов бірінші кезеңде Қоғамның тиісті құрылымға сәйкес өзін өзі бағалау туралы Есебін дайындап, берілген есеп бойынша терең талдау жасалуы керек екенін баса айтты. Бұл Есеп кезінде жіберілген кемшіліктер болса, коррупцияның алдын алу мақсатында «Адалдық алаңы» қызметкерлерімен бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Жемқорлыққа қарсы аудит туралы әңгімелеп берді.
Айгүл Сақтағанова сыйбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою барлық мемлекеттік органдар қызметтерінің басты бағыттарының бірі екендігін атап өтті. «Қазақ әуендері» АҚ ұжымында «Адалдық алаңы» бұрышын ашып, жемқорлыққа қарсы жарнамалар ілуді, сенім телефонын орнату, АҚ сайтында «Адалдық алаңы» парақшасын ашу, ол жерде кадр сұрағы, құқықтық заңдар мен ішкі ережелердің орындалуында ашықтықтың болуын «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамының «Адалдық алаңы» жобасын іске асыруға жауапты А. Айтымоваға қадағалауын сұрады.
Ерқожа Тілепбердиев – Қазақ әуендері ұжымының өткізіп жүрген іс-шаралары арқылы Ел рухын көтеріп, жаңа шығармалар тудырып, өнер адамдарына қолдау жасап жүргендеріне рахмет айта отырып, өзінің көп жылдан бері ақын, сазгер ретінде Қоғамның жұмыстарына қанық екенін, сырттағы қоғам қайраткерлернің, шығармашыл топтардың кей кездері қазылар алқасының жұмыстарына көңілі толмайтынын да айтты. «Бармақ басты, көз қыстымен» кей шығармалардың алдыңғы орындарға шығып кететінін олардың өз ауыздарынан естігінін жеткізді.
Тұрмыстық сыбайлас жемқорықтарды болдырмау аясында, кейбір осындай олқылықтардың орын алмауы үшін:
Бірінші, қазылар алқасының мүшелеріне рухы мықты, ар мен ұятты берік ұстанған, білікті, талантты жаңа шығармаларға жанашыр қоғам қайраткерлерін алуды;
Екінші, өткізіліп жатқан іс-шараларға, қазылар алқасының мүшелігіне Мәдениет және спорт министрлігі «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдерін тартуды;
Үшінші, шығармашылық тақырыптағы Отансүйгіштік, потриоттық байқауларды жариялағанда тағы бір номинация – Жемқорлыққа, сыбайластыққа байланысты тақырыпта жаңа шығармаларға қосудың мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Төртінші, «Қазақ әуендері» АҚ Мәдениет және спорт министрі кеңесшісі, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне жолдаған өзін өзі бағалау туралы Есебіне айтылған сындарды түзеп, кемшіліктерді бірлесе отырып жоюды сұрады.
«Қазақ әуендері» АҚ президенті Н. Қамзин өз кезегінде «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметіне алғыс білдіре отырып, мекеме жұмысын талдап, негізгі бағыттарын айтып берді, сондай-ақ жұмыс барысында туындайтын қиындықтарымен бөлісті. Шешілмей тұрған аутсорсинг мәселесін қозғады. Осы қызметтерге 50 пайыз қаржы жұмсалатынын, қызметкерлерінің еңбек ақысы төмен екенін ортаға салды. Сол аутсорсингке жұмсалатын қаржыны өздері жұмсаса қызметкерлерінің еңбек ақысы көтерілетінін ортаға салды.
Марат Қамзолдаев бұл істі толықтай зерттеп мүмкіндік болса мәселені қарастырып, шешу үшін көмек көрсететінін айтты.