«Мәдениет және спорт министрлігі – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің кезекті жиыны өтті

«Мәдениет және спорт министрлігі – Адалдық алаңы»  жобалық кеңсесінің кезекті жиыны өтті

Бүгін «Сарыарқа» республикалық велотрегінің мәжіліс залында «Нұр-Сұлтан» олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК қызметкерлерінің қатысуымен ҚР «Мәдениет және спорт министрлігі – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бірлескен жиыны өтті.

Отырыстың негізгі идеялық бағыттары ретінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қаржылық операциялардың ашықтығын құру, сондай-ақ спорт саласындағы заң бұзушылықтарды болдырмау қарастырылды.

Жиында Жобалық кеңсе басшысы Марат Болысбекұлы  «Нұр-Сұлтан» олимпиадалық даярлау орталығы» ОДО ұжымына жыл бойына бірлесіп атқарылатын іс-шаралар туралы ақпарат беріп өтті.

Алдағы уақытта екі тарап арасында сыбайлас-жемқорлықтың алдын-алуға байланысты бірқатар жұмыстар жүргізілетін болады.