Таир Қаратаев Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры қызметіне тағайындалды

Таир Қаратаев Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры қызметіне тағайындалды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры қызметіне Таир Нұрланұлы Қаратаев тағайындалды.

Бүгін жаңа басшыны ұжымға Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов таныстырды.

Біздің анықтама:

Таир Қаратаев 1996-2007 жылдары К.Байсейітова атындағы республикалық дарынды балаларға арналған арнайы музыка мектебін виолончель сыныбы, 2007-2011 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын «аспапта орындаушы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы «Қазақстан Камератасы» оркестрінің артисі қызметінен бастады.

Ал 2015-2016 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің артисі қызметіне қабылданып, одан кейін оркестр инспекторы, 2016-2018 жылы гастрольдік-концерт қызметінің жетекшісі, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы директорының орынбасары, 2018-2019 жылдары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театры директорының менеджмент және маркетинг жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2020 жылдан бастап осы уақытқа дейін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы директоры болды.