«Түркістан облысында туризм саласын дамыту жолындағы мемлекеттік қызметкерлер үлесі» атты дөңгелек үстел өтті

«Түркістан облысында туризм саласын дамыту жолындағы мемлекеттік қызметкерлер үлесі»  атты дөңгелек үстел өтті

16 ақпанда Түркістан қаласындағы Сапар орталығында Қазақстан Республикасының туризм саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Айдос Сәкеновтің қатысуымен «Түркістан облысында туризм саласын дамыту жолындағы мемлекеттік қызметкерлер үлесі» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Түркістан облысы әкімдігінің, Түркістан облысының полиция департаментінің басшылығы және Қазақстанның туризм индустриясының өкілдері де белсенді қатысты. Университет туризмді дамыту саласында кадр даярлауға арналған еліміздің стратегиялық маңызды нысаны ретіндегі жұмысын таныстырды. Сондай-ақ Түркістан қаласындағы Сапар орталығы туристер мен қала қонақтарына арналған бірыңғай билет жүйесінің үлгісін ұсынды. Бұл жүйе кассаларда кезексіз арнайы картамен бірнеше туристік орынға баруға, туристік қызметті жеңілдікпен алуға мүмкіндік береді.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында Халықаралық туризм университеті, Түркістан облысының полиция басқармасы, Қазақстанның туроператорлары және өңірдің қонақ үй мен мейрамхана индустриясының өкілдері арасында меморандумға қол қойылды.