
14 ақпанда АҚШ-тың Юта қаласында өтіп жатқан Солтүстік Америка Кубогында фристайл-акробатикадан Жанбота Алдабергенова жеңіске жетті.
Қазақ спортшысы 85.68 балл жинап алтын медальге ие болса, АҚШ өкілі Таиса Таннер - екінші, канадалық Жюстин Элли - үшінші сатыға жайғасты.
Сонымен қатар жарыс жолына шыққан Ақмаржан Қалмұрзаева - алтыншы, Аяна Жолдас жетінші орын алды.