Қазақстан 2023 жылы биатлоннан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатын өткізеді

Қазақстан 2023 жылы биатлоннан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатын өткізеді

Бүгін Халықаралық биатлоншылар одағы (IBU) техникалық комитеті мен басқарма мүшелерінің арнайы отырысы өтті.

Жиын барысында алдағы уақытта өтетін бәсекелер кестесі қаралды. Сонымен қатар атқарушы комитет 2022-2024 жылдары өтетін Әлем Кубогы, IBU Кубогы, Еуропа ашық чемпионаты, жастар мен жасөспірімдер арасындағы Кубок пен Әлем чемпионаты өтетін жерді анықтады.

Осылайша, биатлоннан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатын 2023 жылы 4-12 наурыз аралығында Қазақстанның Щучинск қаласында өткізу туралы шешім қабылданды.