Жеңіл атлетикадан Nur-Sultan Open 2021 ашық чемпионаты өтеді

Жеңіл атлетикадан Nur-Sultan Open 2021 ашық чемпионаты өтеді

12 ақпан, сағат 12:00-де Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде Нұр-Сұлтан қаласының жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы ашық чемпионаты өтеді.

Бәсекенің ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі, Нұр-Сұлтан қаласы жеңіл атлетика федерациясының Президенті Алтай Көлгінов қатысады.

Ашық чемпионат жеңіл атлетиканың 5 түрінен (ядро лақтыру, 4*200 метрге аралас эстафета, ұзындыққа секіру, жүгіру және жеңіл атлетикалық жүріс) өтеді.

Жарысқа СҚО, Қарағанды, Ақмола, Қостанай облысы мен Шымкент, Нұр-Сұлтан қаласынан 150-ден астам спортшы қатысады.

Біздің анықтама:

Qazaqstan жеңіл атлетика кешені өткен жылдың күзінде пайдалануға берілген. Бұл чемпионат жеңіл атлетика кешенінде өтетін алғашқы турнир.