Халықаралық жолаушылар рейсін жаңғыртуға рұқсат етілді

Халықаралық жолаушылар рейсін жаңғыртуға рұқсат етілді

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е. Л. Тоғжановтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 9 ақпандағы шешіміне сәйкес келесі елдермен тұрақты халықаралық жолаушылар рейсін ұлғайтуға/жаңғыртуға рұқсат етілді:

1.Ресей - 7 рейске (әр тараптан аптасына 3-тен 10 рейске дейін):

- Нұр-Сұлтан - Мәскеу, әр тараптан аптасына 2-ден 4 рейске дейін;

- Алматы - Мәскеу, әр тараптан аптасына 1-ден 4 рейске дейін;

- Шымкент - Мәскеу, әр тараптан аптасына 1 рейстен қайта бастау;

- Ақтау - Мәскеу, әр тараптан аптасына 1 рейстен қайта бастау.

2.Мальдивтер - 3 рейске (аптасына 4-тен 7 рейске дейін):

- Алматы - Мале, қазақстандық әуе компаниялар үшін аптасына 4-тен 7 рейске дейін;

3.Қырғызстан -1 рейске (аптасына 2-ден 3 рейске дейін):

- Алматы - Бішкек, аптасына 2-ден 3 рейске дейін;

4.Өзбекстан – 1 рейске (әр тараптан аптасына 3 рейстен 4 рейске дейін):

- Нұр-Сұлтан - Ташкент, әр тараптан аптасына 1-ден 2 рейске дейін;

5.Украина -1 рейске (аптасына 1-ден 2 рейске дейін):

- Нұр-Сұлтан - Киев, аптасына 1 рейсті қайта бастау.

Рейстер санитария-эпидемиология нормаларын қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.