
10-13 ақпан аралығында Алматы облысындағы «Алатау» қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебінде Шығыс Еуропа Кубогінің кезеңі өтеді. Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясының қолдауымен өтетін бәсеке 6 кезеңнен тұрады.
Қазір жарысқа қатысуға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғыз Республикасы сапынан 65 ер, және 35 әйелден тұратын командадан өтініш келіп түсті.
Жалпы есептегі жеңімпаздар Әлем Кубогінің кезеңдеріне қатысуға мүмкіндік алады. Алматыдағы жарысты «Алатау» кешенінің Youtube каналынан тамашалауға болады.