Қазақстан Гимнастика федерациясының жаңа Президенті сайланды

Қазақстан Гимнастика федерациясының жаңа Президенті сайланды

Бүгін Әлия Юсупова Қазақстан гимнастика Федерациясының жаңа Президенті қызметіне сайланды. Жаңа тағайындау туралы федерацияның есептік-сайлау отырысында айтылды.

«Бұл мен үшін де өзгелер үшін де күтпеген жаңалық болды. Жаңа тағайындау– жұмысымдағы жаңа кезең, бүгінгі жұмысым секілді қызықты болады деген ойдамын. Мен Ақтоты Рахметоллақызы бастаған Министрлікке, артқан сеніміне және он жыл бойы Федерацияны басқарған Үміт Болатханқызына алғыс білдіремін. Мен ҚР Ұлттық құрамасын басқаруды жалғастыра беремін. Ал жаңа жұмыс қоғамдық қызмет деп білемін»,- деді Әлия Юсупова.  

Айта кетейік, Федерацияның бұрынғы Президенті Үміт Шаяхметова болған.

Біздің анықтама:

Әлия Юсупова 1984 жылдың 15 мамырында Шымкент қаласында дүниеге келді. Екі Олимпиаданың қатысушысы.  (Афины -2004,  Пекин -2008). Қазақстанның абсолютті чемпионы 2000-2009; Азия ойындарының көп дүркін чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы Доха-2006 және Пусанда өткен Азия ойындарының жүлдегері.