Театр ұжымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған кездесу өтті

Театр ұжымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған кездесу өтті

Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Марат Камзолдаев пен жобалық кеңсе өкілдері Мерген Дүйсенов, Ерқожа Тілепберді, Айгүл Сақтағанова Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ академиялық музыкалық драма театрының ұжымымен кездесті.

Кездесу өткен жылдан бастап Мәдениет және спорт министрлігіне бағынысты мекеме атанған Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ-музыкалық драма театры қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбына арналды.

Кездесудің мақсаты – өнер өкілдерімен бірлесе отырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, парасаттылық идеологиясын ілгерілету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық құндылықтарын кеңінен насихаттау.

Жиын барысында «Адалдық алаңы» жобасы шеңберінде театр ұжымы жанынан арнайы комиссия құрылып, ұжымның арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы түрлі іс-шара, кездесулер өткізу қажеттігі айтылды.