
Бүгін ҚР МСМ Аппарат басшысы міндетін атқарушы Серәлі Тәжіхановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есепті жария талқылауға арналған онлайн конференция өтті.
Отырысқа Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев, Министрліктің Туризм индустриясы комитетінің төрағасының орынбасары Айдос Сәкенов, Архив ісі және құжаттама департаменті Ақпараттық қызметтер мен мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы Жанат Сеидалиева, Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Күміс Сейітова қатысып, атқарылған жұмыс бойынша баяндама жасады.
Жиынның толық нұсқасын министрліктің YouTubeтегі ресми парақшасынан көре аласыздар.