Консерваторияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес өкілдерімен кездесу өтті

Консерваторияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес өкілдерімен кездесу өтті

29 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлігі «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Марат Камзолдаев Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясына жұмыс барысымен барды.

Консерватория ректоры Арман Жүдебаев жобалық кеңсе жетекшісін өткен жылы маусым айында басталған негізгі ғимарат жəне үлкен концерт залының құрылыс барысымен таныстырды.

Кездесуге консерваторияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңесінің жетекшісі И.Олексенко, жөндеу жұмысын жүргізіп жатқан мердігер ұйым өкілі қатысты.

Марат Болысбекұлы «А» корпусы жəне үлкен концерт залдың құрылысымен танысып, осы кезге дейін жоғары деңгейлі жұмыс атқарылғанын атап өтті.

Осыдан кейін Марат Болысбекұлы консерваторияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес өкілдерімен кездесу өткізді.

Жиында кеңсенің алдағы жұмысы жəне бірлесе жүзеге асырылатын іс-шаралар талқыланды.

«Менің жұмыс барысымның мақсаты - консерваториядағы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысын реттеу, оқытушылар мен студенттер, қоғамдық мекемелер жұмысына қатысты əдістемелік ұсыныстар дайындауға көмектесу.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудитті жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды қарастыру. Алдағы уақытта факультет декандары, жетекшілер қатыса алатын вебинар, түрлі іс-шаралар өтеді»,-деді.

Айта кетейік, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында құрылған.