
Бүгін «Нұр-Сұлтан» олимпиадалық даярлау Орталығында Дзюдо орталығының ашылу салтанаты өтті.
Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Жүнісбекұлы Мұсайбеков пен Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қайрат Пернешұлы Қожамжаров және «Нұр-Сұлтан» ОДО» директорынының міндетін атқарушы Қыпшақбаев Мұратбек Сұлтанбекұлы қатысты.
Қайрат Пернешұлының алғысөзінен кейін жас дзюдо шеберлері жаттықтырушы Сергей Пактың басшылығымен аз уақыт аралығында игерген өнерлерін көрсетті.
Айта кетейік, «Сарыарқа» велотрегі жанындағы Дзюдо орталығы 2020 жылдың қарашасынан жұмыс істеп келеді. Қазір онда 120-дан аса адам жаттығып жүр. Дайындық жұмыстары аптасына 6 күн өтеді. 2 бапкер бар. Санитарлық талаптар қатаң сақталған.