Олимпиада резервінің республикалық мектеп-интернат-колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға арналған дөңгелек үстел өтті

Олимпиада резервінің республикалық мектеп-интернат-колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға арналған дөңгелек үстел өтті

Бүгін Алматыдағы "Шаңырақ" шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мектеп-интернат-колледжінде Мәдениет және спорт министрлігі «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Марат Қамзолдаев, мектеп-интернат-колледждің директоры Ернар Ибраимов, бас бухгалтер М. Айтқалиева, кадр жөніндегі инспектор М. А. Балан, заңгер М. М. Сейдуалиева, экономист К.Ж Етекбаева, Мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер Е.М. Мақұлбековтың қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға арналған дөңгелек үстел өтті.

Басқосу барысында Марат Қамзолдаев кеңсенің осы жылға арналған жұмыс жоспары жайлы айтып, мекеменің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасымен танысты. Осыдан кейін мектеп-интернат-колледж базасында «Адалдық алаңы» жобасының жұмысына қатысты таратылатын арнайы материалдар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама туралы айтып берді.

Сонымен қатар Марат Камзолдаев мекеме басшылығын дау тудырған мәселелерді ашық талдауға, баса назар аударуға, мемлекеттік қызметкерлердің құқық бұзушылыққа баруының алдын алуға, қызметкерлердің құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеуге тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыруға шақырды.

Басшылық және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп тиімді және ашық бизнес-үдерістер құру, сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің пайда болуын төмендетуге алып келуге тиіс. Практикалық деңгейде бұл моральдық құндылықтардың қалыптасуына, адалдық пен төзімділікке байланысты.

Кездесудің қорытындысы бойынша Марат Қамзолдаев және мектеп-интернат-колледж өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша семинар, дәрістер ұйымдастыру және құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» мәдениетін қалыптастыруға арналған флешмоб, акцияларға қатысу («Сыбайлас жемқорлықты тоқтатамыз», «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» және т. б.) бағытында белсенді жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.