
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша белгілі мәдениет және өнер қайраткерлеріне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының 2020 жылғы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын табыс етті,- деп хабарлайды www.akorda.kz
Мемлекеттік стипендия Қазақстанның 75 әдебиет пен өнер қайраткеріне тағайындалды. Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова және Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.
Мемлекеттік хатшы атап өткендей, биылғы жыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтеді. Демек Тәуелсіздіктің мерейтойлық жылының басталуы Мемлекет басшысы Қ.Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласының жарыққа шығуымен ерекшеленді.
Ел Президентінің мақаласында Тәуелсіздіктің әр онжылдығының тарихи мәні, іргелі бастамалары мен Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың шешуші рөлі, қазақ мемлекеттілігін қалыптастырудағы халқымыздың даналығы мен бірлігі, еңбекқорлығы айқын жазылған. Мемлекет басшысы Тәуелсіздігіміздің қасиетті құндылықтары туралы заманауи түсінікті терең әрі ауқымды түрде ашып, алдағы төртінші онжылдықтың басты мақсаттарын айқындады.
Қырымбек Көшербаев біздің қоғам Президенттің мақаласын мемлекетіміздің дамуындағы жаңа кезеңнің идеологиялық тұжырымдамасы және бағдарламасы ретінде қабылдағанын баса айтты.
Мәселен, Президенттің халқымыздың сан ғасырлық шынайы тарихын, оның ішінде шетелдік аудиторияға Қазақстанның қысқа тарихын жазып, әлемнің негізгі тілдеріне аудару туралы бастамасы шын мәнінде де стратегиялық маңызды мәселе. Сондықтан қазақ зиялыларына ұлттық мүдделер мен жаңа ғылыми тәсілдерді ескере отырып, өз тарихын зерделеу, пандемияның, жаһандық дағдарыстың және саяси турбуленттіліктің қазіргі жағдайында қоғам дамуының өлшемдерін айқындау бойынша орасан зор жұмыс жүргізу міндеті қойылды.
Мемлекеттік хатшы сонымен бірге мемлекеттік қолдау еліміздің рухани негіздерін одан әрі нығайтуға, қоғамдық сананы жаңғыртуға және Тәуелсіздігіміздің қасиетті құндылықтарын насихаттауға мүмкіндік беретін жаңа идеялар мен жобаларды іздеуге тың серпін беретініне сенім білдірді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы стипендиясы Әбдіжәміл Нұрпейісов, Асанәлі Әшімов, Нұрғали Нүсіпжанов, Александр Гарковец, Дулат Исабеков, Иранбек Оразбаев, Болат Аюханов, Гульвира Разиева және басқа да қазақ әдебиеті мен өнерінің майталмандарына табысталды.
Сонымен бірге, ақындар Бауыржан Халиолла, Мирас Асан, балерина Әсел Жанғасқаева, актер Аян Өтепберген, өнертанушы Валерия Недлина және өзге де жас дарындарға мемлекеттік қолдау көрсетілді.
2020 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –
Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілген адамдардың дербес құрамы
Әдебиет қайраткерлері
Айтқожа Марфуға – 1936 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері
Асан Мирас – 1987 жылы туған, ақын
Әбдікұлы Төлен – 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Әшімов Әкім (Әкім Тарази) –1933 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Әшіров Ахмет – 1938 жылы туған, жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері
Гарькавец Александр – 1947 жылы туған, түркітанушы-ғалым, қоғам қайраткері
Досанов Сәбит – 1940 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Барыс» ордендерінің иегері
Жолдасбеков Мырзатай – 1937 жылы туған, мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері
Жұмаділ Қабдеш – 1936 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері
Жұртбай Тұрсын– 1951 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Исабаев Нұртас – 1954 жылы туған, ақын, «Құрмет» орденінің иегері
Исабеков Дулат – 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ІІ дәрежелі «Достық» орденінің иегері
Қосылбеков Дидар – 1969 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қыдырханұлы Уахап – 1932 жылы туған, жазушы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері
Медетбек Темірхан– 1945 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері
Мұқамәди Егеухан – 1940 жылы туған, ақын, «Құрмет» орденінің иегері
Мырзахметұлы Мекемтас – 1930 жылы туған, әдебиеттанушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Ниязбек Рәпілбек – 1943 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері
Нұржекеев Бексұлтан – 1941 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері
Нұрпейісов Әбдіжәміл – 1924 жылы туған, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Оразбаев Иранбек – 1947 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері
Рәш Мыңбай – 1930 жылы туған, ақын, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері
Салғараұлы Қойшығара – 1939 жылы туған, жазушы, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Сарай Әнес – 1937 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Сейсенбаев Роллан – 1946 жылы туған, жазушы, ІІ дәрежелі «Достық» орденінің иегері
Сүлейменов Олжас – 1936 жылы туған, ақын, Қазақ КCР-інің халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты
Тұрғынбекұлы Серік – 1946 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері
Халиолла Бауыржан – 1979 жылы туған, ақын, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері
Өнер қайраткерлері
Аюханов Болат – 1938 жылы туған, хореограф-балетмейстер, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Әбдіқалықова Елена – 1970 жылы туған, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Әлиев Дулат – 1948 жылы туған, суретші
Әлтай Аманжол– 1971 жылы туған, айтыскер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері
Әшімов Асанәлі – 1937 жылы туған, КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Әшірбекова Роза – 1938 жылы туған, актриса, Қазақ КСР-інің халық әртісі
Байбосынов Қайрат – 1950 жылы туған, дәстүрлі әнші, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және ІІ дәрежелі «Достық» ордендерінің иегері
Байсейітова Раушан – 1947 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Бекбосын Қажыбек – 1946 жылы туған, күйші, Қазақстанның халық әртісі
Бекетаева Әйгерім – 1991 жылы туған, балет солисі
Дінішев Әлібек – 1951 жылы туған, әнші, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Жақанов Ілия – 1936 жылы туған, композитор, ақын, өнертанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Отан» орденінің иегері
Жақыпбай Нұрқанат – 1947 жылы туған, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Жаманбаев Базарғали – 1942 жылы туған, дирижер, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Жанғасқаева Әсел – 1992 жылы туған, балет солисі
Желдібаев Әбдімомын – 1937 жылы туған, күйші, композитор, «Құрмет», «Парасат», ІІ дәрежелі «Достық» ордендерінің иегері
Жұмақова Үмітжан – 1954 жылы туған, музыкатанушы, өнертанушы
Жұманов Есімғали - 1946 жылы туған, суретші-кескіндемеші
Иманғалиев Нұртілеу – 1952 жылы туған, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері
Клушкин Юрий – 1937 жылы туған, музыкант, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері
Қаламбаева Құндыз - 1962 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері
Қастеева Зарема – 1947 жылы туған, балерина, Қазақ КСР-інің халық әртісі
Қосыбаева Тамара – 1928 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі
Қуанышева Жаннат - 1958 жылы туған, киноактриса, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген әртісі
Мәлібекұлы Жандарбек – 1942 жылы туған, сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы
Мышбаева Нүкетай – 1936 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері
Недлина Валерия – 1982 жылы туған, өнертанушы
Нұрмұхамбетов Ерлан – 1974 жылы туған, кинорежиссер, продюсер
Нүсіпжан Нұрғали – 1937 жылы туған, әнші, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және ІІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері
Обаев Есмұқан – 1941 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері
Оразбаев Сәбит – 1936 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Өмірова Арай – 1987 жылы туған, актриса
Өтепберген Аян- 1992 жылы туған, актер, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері
Пирожков Валерий– 1949 жылы туған, суретші, мүсінші
Померанцев Юрий – 1923 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Приходько Валерий– 1949 жылы туған, суретші-кескіндемеші
Разиева Гульвира – 1936 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері
Тасыбекова Торғын – 1938 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі
Тәуекелов Сламбек – 1948 жылы туған, кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Теменов Талғат – 1954 жылы туған, режиссер, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат», ІІ дәрежелі «Достық» ордендерінің иегері
Тоғызақов Ерболат – 1948 жылы туған, киноактер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Төлегенова Бибігүл – 1929 жылы туған, әнші, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Төлеутаев Ерлан – 1968 жылы туған, дәстүрлі әнші, өнертанушы
Тыныштығұлова Сара – 1942 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері
Уәлихан Шот-Аман – 1932 жылы туған, сәулетші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері
Хасанғалиев Ескендір – 1940 жылы туған, әнші-композитор, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және «Отан» ордендерінің иегері
Шәріп Амантай – 1965 жылы туған, ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.