
Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы арнайы мониторинг тобының басшысы Айгүл Соловьева, орталық мемлекеттік органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы әкімдігі мен облыстардағы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өкілдерінің қатысуымен 2020 жылғы жұмыстың қорытындысын талқылауға арналған онлайн кеңес өтті.
Сонымен қатар жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан жауапты хатшының міндетін атқарушы Сералы Тәжіханов, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Марат Қамзолдаев, Министрдің кеңесшісі Мерген Дүйсенов, жобалық кеңсенің өкілі Айгүл Сақтағанова, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Асқар Есімов, Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Гүлбақыт Ахметова, Заң қызметі департаменті директорының міндетін атқарушы Жандос Жарқымбеков қатысты.
Кеңес басында «Адалдық алаңы» жобасының қалыптасуы жайлы бейнеролик көрсетілді. Жоба 2018 жылы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен құрылған. Өткен жылдың соңына қарай еліміздің барлық облыс әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілері тағайындалды.
Қазіргі уақытта барлық деңгейдегі әкімдік жұмысын сервистік режимге көшіру жүзеге асып жатыр. 2020 жылдың соңына қарай 900-ге жуық кедергісіз фронт-офис, 1400 opens pace кабинет жұмыс істеді. Шамамен 18000 ұйымды қамтитын интерактивті бюджет картасы іске қосылды және тиімді жұмыс істеп жатыр. 2020 жылы жобалық кеңселерге 11500 азамат өтініш білдірді. Аталған мәселелердің 80%-ы шешілді.
Кіріспе сөзде «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Т.Байғұлов жобаны іске асырудың оң нәтижелерін атап өтті.
-«Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюдың пәрменді құралы ашықтық пен айқындық екенін ескере отырып, Adaldyq alany республикалық жобасының аясында мемлекеттік аппараттың клиентке бағдарлануын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Қазір 317 әкімдіктің сервистік жұмыс моделіне көшкенін атап өткен жөн. Облыстық маңызы бар қалалар мен аудандарды жүз пайыз қамту қамтамасыз етілді», - деді Т.Байғұлов.
Осыдан кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Парасаттылық департаментінің директоры Ғ.Асанұлы жобалау кеңселері жұмысының оң нәтижелерімен қатар денсаулық сақтау, білім беру, экология, тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату, кедендік реттеу саласында шешілмеген бірқатар мәселе айтып өтті.
Қазіргі уақытта барлық деңгейдегі 300-ге жуық сервистік әкімдік жұмыс істейді. 2000 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы мен 5000 мемлекеттік мекеме басшысы ғимараттардың бірінші қабатына көшірілді. Ал өңірлерде Antikor Ortalygy 18 сервистік орталығы жұмыс істейді. Қала мен аудан әкімдігі деңгейінде жұмыстың сервистік форматына 100% көшу қамтамасыз етілді.
Facebook, Instagram әлеуметтік желісінде азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіп жатқан саясат және тәуекелдің алдын алу туралы хабардар ету құралы ретінде пайдаланудың маңыздылығына назар аударылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция департаментінің директоры Л.Йылдыз талдау саласындағы жобалық кеңселердің үлесі жайлы айтып берді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, жемқорлықтың туындау қаупіне талдау жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Атап айтқанда, БАҚ, әлеуметтік желілерге тұрақты мониторинг жүргізудің маңыздылығы айтылды.
Мәдениет және спорт министрлігіндегі «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Марат Қамзолдаев өткен жылы атқарылған жұмысты қорытындылады.
Өз сөзінде Министрлікке бағынысты барлық ұйымда «Адалдық алаңы» кеңсесінің өкілі тағайындалғанын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудит жүргізу әдістемесі әзірленгенін жеткізді.
Жобалық кеңсе қызметкерлері бағынысты жоғары оқу орындары, колледждер мен мектеп базасында қабылдау емтихандары жұмысына қатысты. Бұл ретте соңғы бірнеше жылда алғаш рет Министрлік басшылығының атына қабылдау комиссияларының жұмысы туралы бірде-бір шағым түскен жоқ.
Бұдан бөлек, жобалық кеңсе басшысы бағынысты ұйымдар базасында жаңа объектілерді пайдалануға беру кезеңінде орындалған жұмыс актілерін қабылдау жөніндегі комиссияның құрамына енгізілді. Сонымен қатар ол мемлекеттік органдар арасында өзара іс-қимылды мейлінше тығыз орнатуды ұсынды.
Іс-шараны қорытындылай келе, Алик Шпекбаев жобаны өңірлерде іске асырудың оң нәтижелерін ескере отырып, вице-министрлерді министрліктер деңгейінде осындай жұмысты ұйымдастыруға шақырды.
Жобалық кеңселер бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауға, сыбайлас жемқорлықтың пайда болуын жоюға және Мемлекеттік қызметтерді цифрландыруды жеделдетуге, кедергісіз фронт-офистерді енгізу арқылы сервистік модельге көшуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалардың генераторы болуға тиіс.