16 мамырдан бастап жалпыұлттық прокатқа «Аруақ» көркем фильмі шығады

16 мамырдан бастап жалпыұлттық прокатқа «Аруақ» көркем фильмі шығады

16 мамырдан бастап жалпыұлттық прокатқа «Аруақ» көркем фильмі шығады. Фильмде басты ролді қазақ киносының мэтрі Асанәлі Әшімов сомдайды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген картинаның режиссері – Қуат Ахметов.

«Аруақ» фильмі жайлы: Ағатай есімді қарттың ешкімі жоқ. Сүйген жары қайтыс болған.Араларында балалары болмаған. Ағайын-туысқандары да қалмаған. Фильмге өз ортасынан безіп, далаға барып тұруды көздеген қарт кісінің өмірі арқау болған. Әйтсе де данагөй, пәлсапашының жолында балалар үйінен қашып шыққан Бөбек деген кішкентай, елгезек бала кезігіп, оның бастапқы жоспарын бұзып кетеді.