Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Марат Қамзолдаев пен Мәдениет және өнер істері департаменті директорының орынбасары Мақсат Арғынбеков арнайы іссапармен Түркістан облысына барды.
Сапар барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және оларды болдырмау жұмыстары бойынша "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі басшылығымен және қорық-музей жанынан құрылған "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің мүшелерімен жүздесті.
Сонымен қатар, кеңесте жобалық кеңсенің алдағы жұмыс жоспарын талқыланып, жауапты қызметкерлерге тиісті тапсырмалар берілді.
Айта кетейік, жобалық кеңсенің қызметкерлері атқарылған жұмыстар бойынша есепті тұрақты түрде жариялап отырады.