Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған жиын өтті

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған жиын өтті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Марат Қамзолдаев пен Мәдениет және өнер істері департаменті директорының орынбасары Мақсат Арғынбеков қатысуымен Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде сыбайлас жемқорлықты алдын алуға арналған жиналыс өтті.

Жиын барысында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі жанынан құрылған «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелерімен және ұжымымен жүздесіп, сыбайлас жемқорлықты алдын-алу және оларды болдырмау жұмыстары бойынша мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар олар Отырар қалажұртында жүргізіліп жатқан реставрациялық жұмыстармен танысты.