
16 желтоқсан мен 4 қаңтар (2021 жыл) аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстандық киноның Француз қауымдастығы "Қазақфильм" продюсерлік орталығымен бірлесе отырып ұйымдастырған Қазақстан киносының Франциядағы фестивалі онлайн форматта өтеді.
Айта кетейік, Франциядағы Қазақстанның классикалық киносының тұңғыш ретроспективасы актриса Самал Еслямованың қатысуымен ашылады. Ол 71 - ші Канн кинофестивалі мен Азия киносының үздік әйел рөлі үшін марапатына ие болған Қазақстанның танымал актрисасы. Сонымен қатар "Айка" фильміндегі ең үздік әйел рөлі үшін сыйлықтың иегері.
Фестивальдің құрметті президенті 61-ші Канн кинофестивалінің "Ерекше көзқарас" сыйлығының иегері ресейлік - қазақстандық режиссер Сергей Дворцевой. Ол "Тюльпан","Ника","Шоссе" фильмдері үшін үздік танылған режиссер, "Кинематографиялық өнер және ғылымдар академиясының" ("Оскар" кино) қатысушысы.
Фестивальге сондай-ақ Қазақстан киносы Француз қауымдастығының басқа да мүшелері мен достары: Хью Хадсон, Марьям д'Або, Ричард Коччианте, Сүлейман Сиссе, Әділхан Ержанов, Эмир Байғазин, Азиз Бейшеналиев, Санжар Мәди, Эрве Шнайд, Виктория Якубов, Николас Трембасевич, Нино Киртадзе қолдау көрсетті.
Фестиваль бағдарламасына Қазақстан киносының классикасы деп танылған он төрт фильм енген. Оларды қалың жұртшылық 2,5 апта бойы www.festivalfilmkazakhstan.com платформасынан тегін көре алады.
2021 жылдың қаңтарынан бастап киноклуб ұйымдастыру жоспарлануда, оның аясында ай сайын фестиваль сайтына қазақстандық кинотеатрлардың француздық субтитрлері бар фильмдері орналастырылады.