Алматыда PHILHARMONIC NEW YEAR FEST-2020 фестивалі басталды

Алматыда PHILHARMONIC NEW YEAR FEST-2020 фестивалі басталды

Бүгін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының 85 жылдығына арналған PHILHARMONIC NEW YEAR FEST- 2020 бірінші қысқы фестивальдің ашылу салтанаты өтті.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов қатысты.

Фестивальдің мақсаты - Қазақ мемлекеттік филармониясының мерейтойын атап өту. Классикалық және қазақ халық музыкасының рухани сақтаушысы болған, музыка өнерінің үздік үлгілерін насихаттаушы, сондай-ақ осы ұжымда ұзақ жылдар бойы талмай еңбек еткен танымал қайраткерлерге тағзым етіп, құрмет білдіру.

Іс-шара аясында Министр мәдениет және өнер қайраткерлеріне грамоталар мен алғыс хаттарды табыс етті.