Ақтоты Райымқұлова Алматыда шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Ақтоты Райымқұлова Алматыда шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін  ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова жұмыс сапары аясында Алматыда шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында мәдениет және өнер саласындағы өзекті тақырыптар мен маңызды мәселелер талқыланды.

Іс-шараға Ғалым Жайлыбай, Бақыт Әлдібеков, Марат Тоқашбаев, Нұрғали Ораз, Мәдина Омарова және т.б. белгілі ақын - жазушылар, қоғам қайраткерлері қатысты.

Министр шығармашылық зиялы қауым өкілдерін Тәуелсіздік күнімен және келе жатқан Жаңа Жылмен құттықтап, қоғам қайраткерлерінің ел мәдениетін дамытуға және насихаттауға қосқан ерекше үлесін атап өтті.

- Биылғы жыл бәріміз үшін оңай болған жоқ. Пандемияға қарамастан, мемлекетіміз халыққа барынша көмек көрсетіп отыр. Әрқашан да мәдениет, әдебиет пен өнерге ерекше көңіл бөлініп келеді. Мереке қарсаңында бірнеше ақын-жазушы әдебиет пен өнер саласындағы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Біз әдебиет пен өнердің дамуы үшін жағдайды жақсартуға тырысудамыз, биыл Мәдениет және өнер ұйымдары қызметкерлерінің жалақысы 50 пайызға өсті, - деді Ақтоты Райымқұлова.

Сондай-ақ, Министр биыл өткен мерейтойлық атаулы күндерді де атап өтті.