Мəдениет ұйымдарына «Ұлттық» мəртебесі берілді

Мəдениет ұйымдарына «Ұлттық» мəртебесі берілді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2006 жылы 15 желтоқсанда қабылданған «Мəдениет туралы» Заңның 21-бабы, 1-тармағына сәйкес, биыл қарашадағы № 454 Жарлығымен бірқатар мəдениет ұйымына «Ұлттық» мəртебесін берді.

«Ұлттық» мəртебесіне ие болған Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлігіне бағынысты мекемелер:

Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (РМҚК);

«М.Əуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК;

«Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» РМҚК;

«М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры» РМҚК;

«Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі;

Бүгін Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында аталған мекеме басшыларына Мемлекет басшысының бұйрығын табыстады.

Салтанатты жиында сөз алған Ақтоты Райымқұлова мəдениет ошақтарын құттықтап, қызметіне табыс тіледі.