
ДТБҰҰ (WNWTO) Бас хатшысы Зураб Пололикашвили Дүниежүзілік Туристік Ұйымның және жеке өзінің атынан Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.
Құттықтау хатында Зураб Пололикашвили Қазақстан Республикасы Үкіметінің туристік сектордың тұрақты дамуына бейілділігін және тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму құралы ретінде туризмге көңіл бөлінетінін атап өткен.
Бас хатшы ДТБҰҰ (WNWTO)-ның кез келген бастамаларға қолдау көрсетуге дайын екендігіне сендірді және бірлескен күш-жігер Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық келешегін нығайтуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.