
Бүгін Тəуелсіздік күні мерекесіне орай Мəдениет жəне спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Qazaqstan ұлттық арнасында «Ұлы Дала - Тəуелсіз ел» атты онлайн-концерт өтеді.
Концертте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Жүдебаев, Мадина Сəдуақасова, Димаш Құдайберген мен халықаралық байқаулардың лауреаты Маржан Арапбаева, Сара Амангелді, Зируза, Mad Men тобы, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының ұжымы өнер көрсетеді.