
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Маңғыстау облысына іс-сапары барысында жазушы, қоғам жəне мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейіне барды.
Министр музейдің жаңа жасақталған «Қазіргі Қазақстан», «Маңғыстау табиғаты» залдарының жұмысымен танысты.
Ақтоты Райымқұлова ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Маңғыстау облысындағы филиалының директоры Ғалым Әріп, ақын Әнуар Бимағанбет, Сұлтанбек Құдайберген, археолог Андрей Астафьев, Маңғыстау облысы Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма-театрының режиссері Гүлсина Мирғалиева, тарихшы-өлкетанушы Нұрлан Құлбай, музей директоры Т.Жұмалиева, «Қазақстан РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры Бекзат Жүсіп, журналист Гүлайым Шантеміровамен кездесті.
Кездесу барысында министр Маңғыстау мәдениеті мен өнеріне қатысты жетістіктер, өңірдің тарихи-мәдени мұралары мен табиғи ескерткіштерін қорғау, пайдалану, облыс аумағындағы туристік жобалар, мәдениет пен өнер саласы қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы жайлы пікір алмасты.