Ақтоты Райымқұлова Дмитрий Скиртаны құттықтады

Ақтоты Райымқұлова Дмитрий Скиртаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова танымал режиссер, театр мен кино актері Дмитрий Скиртаны халықаралық «Золотой витязь» театр фестивалінде диплом алуымен құттықтады.

Құрметті Дмитрий Анатольевич!

Сізді халықаралық «Золотой витязь» театр фестивалінің дипломанты атануыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Күллі ұжымның жұмысын тиянақты ұйымдастырып, мол тəжірибеңіз бен шеберлігіңізді паш етіп жүрген өнер майталманысыз. Лайым көрерменнің қызу қошеметі театр ұжымын жігерлендіре берсін. М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының қазақ өнерін əлемдік деңгейде танытып келе жатқаны үшін қуаныштымын»,-делінген құттықтау хатында.

Александр Вампиловтың «Старший сын» пьесасы желісіндегі театр қойылымы Александр Вампиловтың «Старший сын – 55» атты бір пьеса халықаралық онлайн-фестиваліне таңдап алынды.

Бұл спектакльді 2014 жылы М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының көркемдік жетекшісі, Дмитрий Скирта сахналаған еді.

Айта кетейік, 5-29 қараша аралығында Александр Вампилов пьеасының мерейтойы аясында халықаралық онлайн-фестиваль өтті. Осыдан тура 55 жыл бұрын Иркутсктегі сол кездегі «Советская молодежь» газетінде драматургтің «Старший сын» пьеасының үзіндісі жарияланды.