ТАЕКВОНДО: БАТЫРХАН ТӨЛЕУҒАЛИ ХХ ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

ТАЕКВОНДО: БАТЫРХАН ТӨЛЕУҒАЛИ ХХ ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына таеквондодан екінші медаль түсті.

U21 әлем чемпионы Батырхан Төлеуғали жартылай финалда Хун Цзюн И екеуі кім мықтыны анықтады. Тартысқа толы өткен кездесуде Тайпей өкілі 1-2 есебімен басым түсті.

Осылайша, Батырхан өзі қатысып тұрған алғашқы Азиадада 80 кг дейінгі салмақта қола жүлдеге қол жеткізді.