ДЖИУ-ДЖИТСУ: СЕЙІЛХАН БОЛАТБЕК АЗИАДАДА ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

ДЖИУ-ДЖИТСУ: СЕЙІЛХАН БОЛАТБЕК АЗИАДАДА ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындары аясында джиу-джитсудан жарыстар жалғасуда.

77 келідегі Сейілхан Болатбек қола медаль үшін белдесуде отандасы Адлан Мадаевпен кездесті. Нәтижесінде отандық дерби 2:0 есебімен Сейілханның пайдасына шешілді.

Айта кетейік, бұған дейін джиу-джитсудан Нұржан Батырбеков (69 келі) күміс жүлде және 48 келідегі Жібек Құлымбетова қола жүлде еншілеген еді.