ВИРТУАЛЬДЫ ТАЕКВОНДОДАН РИТА БАҚЫШЕВА АЗИАДАНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

ВИРТУАЛЬДЫ ТАЕКВОНДОДАН РИТА БАҚЫШЕВА АЗИАДАНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында виртуальды таеквондодан жарыс өтіп жатыр.

Отандасымыз жартылай финалда Филиппин спортшысы Жеус Габриель Дерик Япеге (Филиппин) 0:2 есебімен жол берді. Нәтижесінде Рита Бақышева қола жүлдеге ие болды.

Ол бұған дейін алғашқы айналымда Мохаммад Аладарбиді (Иордания) 2:0 есебімен жеңсе, 1/4 финалда Үндістан өкілі Кашиш Маликтен 2:1 есебімен айласын асырған еді.

Айта кеткйік, Рита Бақышева бүгін 49 келіде де ел намысын қорғайды.