
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылдың 27 қарашасындағы № 802 қаулысымен Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жекпе-жек» сарайына даңқты палуан, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді.
Айта кетейік, 5 мың жанкүйер сиятын əмбебап спорт кешені халықаралық деңгейде дзюдо, күрес, бокс, ауыр атлетика және жеңіл атлетика бəсекелерін өткізуге арналған.