СЛАЛОМДА БАЙДАРКАМЕН ЕСКЕК ЕСУДЕН ЕКАТЕРИНА ТАРАНЦЕВА АЗИАДАНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

СЛАЛОМДА БАЙДАРКАМЕН ЕСКЕК ЕСУДЕН ЕКАТЕРИНА ТАРАНЦЕВА АЗИАДАНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында слаломда байдаркамен ескек есуден жеңімпаздар анықталды.

Әйелдер арасында байдаркамен ескек есу сайысы бойынша Екатерина Таранцева да 112.23 ұпаймен 3-орын алды. Бірінші орынды Жапония спортшысы жеңіп алса, күміс жүлде Қытайға бұйырды.

Ерлер арасында каноэмен ескек есуден финалда Александр Куликов 156.52 ұпай жинап, 5-орынға тұрақтады.