
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында слаломда байдаркамен ескек есуден Қазақстан командасының қоржынына алғашқы медаль түсті.
Ерлер арасында байдаркадан финалда Қазақстан командасының спортшысы Александр Коробов 3-орын алды. Оның ұпай саны - 94.48. Осылайша, отандасымыз жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Осы сайыста қытайлық Жаочан Ху жеңіске жетсе, жарыс қожайыны Юки Танака күміс медаль еншіледі.