НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ АИЧИ-НАГОЯДАҒЫ ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ АИЧИ-НАГОЯДАҒЫ ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында ауыр атлетикадан Қазақстан қоржынына күміс медаль түсті.

Ерлер арасында 95 кг дейінгі салмақта Қазақстан командасының спортшысы, әлем чемпионы Нұрғиса Әділетұлы 2-орын алды. Отандасымыз қоссайыс нәтижесінде 394 кг (180+217 кг) зілтемірді басынан асыра көтерді.

Жүлдегерлер тізімі:
1. Әли Әлипур (Иран) 398 кг (180+218)
2. Нұрғиса Әділетұлы (Қазақстан)
3. Ту И (Қытай) 384 кг (179+205)

Осыған дейін ауыр атлетикадан Қазақстан қоржынына 2 күміс медаль түскен.