
Жапонияның Аичи префектурасында ХХ жазғы Азия ойындары аясындағы әртістік жүзуден жарыстар аяқталды.
3 күнге жалғасқан аралас командалық бағдарламада Қазақстан құрамасы қола медаль иеленді. Еркін бағдарлама қорытындысы бойынша, отандастарысфз команда 216.7961 ұпай жинап, үшінші орынға жайғасты.
Қазақстан құрамасы сапында Виктор Друзин, Даяна Жаманшалова, Әйгерім Құрманғалиева, Ксения Макарова, Анна Павлетцова, Валерия Столбунова, Жаклин Якимова, Наргиза Болатова және Ясмин Тұяқова өнер көрсетті.
Үш жаттығудың жалпы қорытындысы:
🥇 🇨🇳 Қытай – 857.5084 ұпай
🥈 🇯🇵 Жапония – 821.7404
🥉 🇰🇿 Қазақстан – 672.6029
Бұған дейін жұптық жарыста Наргиза Болатова мен Ясмин Тұяқова техникалық және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша, 565.7326 ұпай жинап, қола медаль алған еді.
📸Владислав СЕМЕНОВ