ӘРТІСТІК ЖҮЗУДЕН АРУЛАРЫМЫЗ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ

ӘРТІСТІК ЖҮЗУДЕН АРУЛАРЫМЫЗ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ

Бүгін Жапонияның Аичи префектурасында әртістік жүзудің кезекті жарыс күні өтті.

Техникалық және еркін бағдарлама бойынша екі күнге жалғасқан жұптық сайыста еліміздің атынан тұңғыш әлем чемпионы Наргиза Болатова мен Ясмин Туякова сынға түсіп, 565.7326 ұпаймен қола жүлде алды.

🥇🇨🇳Қытай - 640.3576 ұпай
🥈🇯🇵Жапония - 601.3576
🥉🇰🇿Қазақстан - 565.7326

Айта кетейік, бұл әртістік жүзуден осы Азиададағы бірінші жүлде. Отандастарымыз әлі аралас командалық сайыста да өнерін көрсетеді.

📸Арлан ОЛЖАБАЙ