АЛИНА ЧИСТЯКОВА ЖЕТІСАЙЫСТАН 20 ЖЫЛДАН КЕЙІН ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕСІН АЛЫП БЕРДІ

АЛИНА ЧИСТЯКОВА ЖЕТІСАЙЫСТАН 20 ЖЫЛДАН КЕЙІН ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕСІН АЛЫП БЕРДІ

ХХ жазғы Азия ойындарында жетісайыстан әйелдер арасындағы жеңімпаздар анықталды.

Қатысушылар 3 күн бойы кедергілер арқылы 100 метрге жүгіру, биіктікке секіру, ядро итеру, 200 метрге жүгіру, ұзындыққа секіру, найза лақтыру және 800 метрге жүгіру сайысының қорытындысы бойынша жеңімпазды анықтады.

Жарыс нәтижесі:

🥇🇯🇵Юри Танака (Жапония) - 5920 ұпай
🥈🇯🇵Нанака Каджики (Жапония) - 5673 ұпай
🥉🇰🇿Алина Чистякова (Қазақстан) - 5568 ұпай

Айта кетейік, бұған дейін Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова 2006 жылы Дохадағы Азиадада топ жарған болатын.