ИСЛАМ СӘТПАЕВ ХХ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

ИСЛАМ СӘТПАЕВ ХХ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында нысана көздеуден Қазақстан командасының қоржынына қола медаль түсті.

Ерлер арасында винтовкамен 50 метрден 3 позицияда оқ атуда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ислам Сәтпаев 3-орыннан көрінді. Ол финалда 348.3 ұпай жинады.

Бұл бағдарламада алтын мен күміс Қытай өкілдерінің еншісінде кетті.