
Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан командасы Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында кезекті жүлдеге қол жеткізді.
Ерлер арасындағы топтық жарыста Қазақстан командасының өкілі, Ханчжоу Азиадасының чемпионы Евгений Федоров үздік үштікті түйіндеді. Оның уақыт көрсеткіші - 4 сағат, 15 минут, 9 секунд.
Ал санаулы сəттер бұрын бас жүлдені отандасымыз Алексей Луценко иеленді.