Түркістандағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінде «Абай мұрасы-халықтың мирасы» атты әдеби кеш өтті

Түркістандағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінде «Абай мұрасы-халықтың мирасы» атты әдеби кеш өтті

Бүгін, 25 қарашада Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Түркістандағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінде «Абай мұрасы-халықтың мирасы» атты әдеби кеш өтті.

Кеш аясында 1-15 қараша аралығында онлайн форматта өткен байқаудың жеңімпаздары белгілі болды. Байқаудың ұйымдастыру комитеті Абайдың 30-дан астам қара сөзі, өлеңі, әнін орындаған бейнебаян мен ғылыми жұмыстың арасынан үздіктерін анықтады.

Нәтижесінде «Абай әлемі поэзияда» номинациясында ДШС-20-03 тобының студенті Бауыржан Қазынабек, «Абай әлемі қара сөздерде» номинациясында ДШС-20-01 тобының студенті Ақбота Қалбергенова, «Абай әлемі ғылымда» номинациясында ТДМ-20-01тобының студенті Ермек Іңкар мен Маржан Пернебай, «Абай әлемі – Абай жырларында» номинациясын ОИТГ-20-01 тобының студенті Бейбіт Ермекбай жеңімпаз атанды.

«Абай – біздің руханиятымыздың негізі. Хакім мұрасын кеңінен зерттеп, тану жан-жақты білімді, парасатты ұрпақ тәбиелеп, білікті мамандар даярлауға мүмкіндік береді»,-деді Басқарма төрағасы – университет ректоры Майнұра Мурзамадиева.