Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры «Корсар» балетін сахналайды

Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры «Корсар» балетін сахналайды

27-28 қарашада Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры 87-маусымын Адольф Аданның «Корсар» балетімен ашады.

Қоюшы-балетмейстер, ҚР Халық әртісі Гүлжан Түткібаеваның хореографиялық өңдеуі мен итальяндық суретші Вильям Орландидің сценографиясы қойылымға ауқымды романтика көрінісін береді. Театрдың симфониялық оркестріне қоюшы-дирижер Ерболат Ахмедьяров жетекшілік етеді.

Сонымен қатар премьера күні Arte галереясында танымал қазақстандық фотограф Николай Постников пен Қазақстан Республикасы және Фесей Федерациясы мемлекеттік сыйлығының иегері Вячеслав Окуневтың костюмдері мен суреттерінің көрмесі өтеді.

Айта кетейік, «Корсар» балетінің БАҚ өкілдеріне арналған көрсетілімінен кейін журналистермен Talk Show өтеді. Онда әртістер мен қойылым тобы спектакльдегі шығармашылық жұмыстың құпияларымен бөліседі.