Нұрғиса Дəуешов ТМД мемлекеттері арасындағы мəдени ынтымақтастық жөніндегі кеңестің отырысына қатысты

Нұрғиса Дəуешов ТМД мемлекеттері арасындағы мəдени ынтымақтастық жөніндегі кеңестің отырысына қатысты

Бүгін Қазақстан делегациясы Мəдениет жəне спорт вице-министрі Нұрғиса Дəуешовтің жетекшілігімен ТМД мемлекеттері арасындағы мəдени ынтымақтастық жөніндегі кеңестің ХХXV отырысына қатысты. Бұл жолы басқосу коронавирус пандемиясына байланысты онлайн форматта өтті.

Жиын барысында бірқатар мəселе қаралды. Мəселен, ТМД-ға мүше мемлекеттердің 2016-2020 жылдарға арналған мәдениет саласындағы ынтымақтастық бойынша негізгі іс-шаралардың орындалу барысы, Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына 75 жыл толуына орай бірлескен іс-шаралар өткізу, 2020-2022 жылдары ұйым мемлекеттерінде ART EXPO халықаралық көрмесін ұйымдастыру мүмкіндігі мен өзге де өзекті жайттар қозғалды.

Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов «Шымкент - ТМД-ның мәдени астанасы 2020» мемлекетаралық бағдарламасын іске асыру жайлы баяндама жасады. Айта кетейік, биыл ТМД-ның мәдени астанасы жылы аясында Шымкентте көптеген кешенді іс-шара өтті. Мұның бәрі қалаға ерекше реңк беру үшін əлі де жүзеге асып жатыр. Тарихи ескерткіштер қайта реконструкциядан өтіп, жанданып, тартымды əрі қызықты туристік бағыттар ашылды.

Вице-министр 28 қарашада жылдың жабылуы аясында Шымкенттен 2200 кітап, 2200 тұмар мен 2200 қызғалдақ шамын артқан керуен 2021 жылы ТМД-ның мәдени астанасы атанған Душанбе қаласына Жібек жолымен аттанатынын жеткізді.

Сонымен қатар отандық делегация Қазақстан гуманитарлық интеграцияны қолдайтынын, ТМД аясындағы əріптестікті дамытуға бағытталған мəдени жобаларға қолдау көрсетуге, жүзеге асыруға атсалыса беретінін айтты.

Бүгінде ТМД мемлекеттері арасындағы мәдени ынтымақтастық жөніндегі кеңес ортақ проблемаларды талқылап, халықаралық байланысты нығайтуға бағытталған бірегей алаңға айналды. Осы орайда бірлескен форум, конференция, театр қойылымы, кинофестивальдер өткізіп, қарым қатынас орнатуға, көпжақты халықаралық шарттар мен кешенді бағдарламаларды іске асыруға мүмкіндік береді.