Jastar coworking орталығының маңызы талқыланды

Jastar coworking орталығының маңызы талқыланды

Бүгін Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Ұлттық академиялық кітапханада онлайн форматта дөңгелек үстел барысында Jastar coworking орталығының маңызы талқыланды.

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы жастар жылы аясында 2019 жылы 27 мамырда «Jastar» coworking-орталығын ашқан еді.

Орталықтың ашылуы жастар және жастармен жұмыс істейтін мамандар жылының басты оқиғасының бірі. Орталықта елорданың жастар қоғамдастығы үшін кітапхана қоры мен ұлттық академиялық кітапханадағы заманауи деректер қорын қолдана отырып, әртүрлі білім салалары бойынша жаңа тәжірибелермен танысуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар бұл жерде жастар үшін біртұтас идеяларды алға жылжыту үшін жаңа жобалар іске асырылып, жаңа бастамалардың алаңына айналды.

Орталықты құрудағы мақсат – семинар, конференция, іскерлік кездесу, әртүрлі бағыттағы шеберлік сабақтарын ұйымдастыру және жастардың өзін-өзі дамытуы үшін шығармашылық, ғылыми орта қалыптастыру. Сонымен қоса осы бағыттар бойынша іс-шаралар ұйымдастыру.

Ең бастысы – кітапхана жастарға ақпарат жағынан қолдауды қамтамасыз етіп, электронды әдебиетке тапсырыс беру, құжаттарды электронды нұсқада жеткізу, кітапханашыға сұрақ қою сынды қызмет түрлерін көрсетіп жатыр.