«Заманауи кітапхананың келбеті – оқу мәдениетін қалыптастырудың жаңа форматы» атты дөңгелек үстел өтті

«Заманауи кітапхананың келбеті – оқу мәдениетін қалыптастырудың жаңа форматы» атты дөңгелек үстел өтті

Бүгін Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Ұлттық академиялық кітапханада онлайн форматта «Заманауи кітапхананың келбеті – оқу мәдениетін қалыптастырудың жаңа форматы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жиынға республика, облыс кітапханалары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты көпшілікке арналған ғылыми-әмбебап кітапхана басшылары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 22 қазанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІV отырысында берген тапсырмалары аясында кітапханалардың ағартушылық рөлін көтеру, өскелең ұрпақты оқу мәдениетіне баулу, оқу сауаттылығын дамыту ісіндегі кітапхана рөлі жөніндегі тақырыптар талқыланды.

Осы орайда кітапханаларды жаңғыртып, жастар коворкинг орталығын ашқан Жамбыл атындағы Алматы қаласының жасөспірімдер кітапханасының тәжірибесі талқыланды. Бұдан бөлек іс-шарада еліміздің барлық өңіріндегі ғылыми-әмбебап кітапхана басшылары баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.