
Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі мәдениет және спорт мәселесі жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттардан құжат қабылдау басталғанын хабарлайды.
Конкурсқа кімдер қатыса алады?
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы (2015 жыл 2 қарашадағы № 383-V)
10-бап. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:
1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Қоғамдық кеңес жергілікті деңгейде қалыптастырылған жағдайда – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азамат Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
1) сотталмаған;
2) Заңда белгіленген тәртіпке сəйкес сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасамаған;
3) психика, мінез-құлық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдаланбайтын, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмайтын болуы тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.
3. Осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар қоғамдық кеңестерге сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
Құжаттарды қабылдау орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 15-ші кіреберіс.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2020 жылдың 6-19 қараша аралығы.
Құжаттарды жолдауға арналған электронды пошта: m.satybaldy@mcs.gov.kz
Қосымша сұрақтар бойынша байланыс телефоны: 8 (7172) 74-05-72 немесе +7-700-808-96-96.