Ақтоты Райымқұлова Bolashaq Friday Talks жобасының төртінші шығарылымына қатысты

Ақтоты Райымқұлова Bolashaq Friday Talks жобасының төртінші шығарылымына қатысты

Бүгін Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Bolashaq қауымдастығы «Жастар және инновациялар» форумының аясында онлайн форматта өткізген Bolashaq Friday Talks жобасының төртінші шығарылымына қатысты.

Сонымен қатар «Креативті индустриялар экономикалық дамудың жаңа драйвері ретінде» тақырыбындағы жиында ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы төрағасының бірінші орынбасары Ернар Құрмашев пен Bolashaq қауымдастығы Кеңесінің мүшесі, KEREMET Holding заң фирмасының негізін қалаушы, Қазақстан Республикасы өнер саласындағы арбитраж өкілі Жібек Қараманова сөз сөйледі.

Bolashaq Friday Talks жобасының мақсаты – сарапшылардың қатысуымен интерактивті, ашық, қоғамдық пікірталас алаңын жасау. Жобаға қатысушылар ел тұрғындары өмірінің негізгі салаларын одан әрі дамытуды көздейді.

Bolashaq қауымдастығының мүшесі, Dasco Consulting Group басқарушы серіктесі Дәрмен Сәдуақасовтың модераторлығымен өткен іс-шарада
«Креативті экономика салалары экономикалық өсудің қозғаушы күшіне қалай айналуда?», «Креативті экономика үшін қандай қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларын қабылдау қажет?», «Креативті экономиканы экономикалық табысты сала ретінде дамыту үшін қандай жағдайлар жасау қажет?» және т.б. сұрақтар талқыланды.