
Бүгін, 15 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қ.Е. Көшербаев бекіткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 2020 жылға арналған 85-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» атты арнайы жобаны іске асыру үшін қабылданған іс - шаралар бойынша онлайн-форматта кеңес өткізді.
Кеңеске Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының бірінші басшылары қатысып, олар жоғарыда көрсетілген жоба бойынша 3 жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы ақпаратпен бөлісті.