
2020 жылдың 20 қазан күні, сағат 15.00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті онлайн режимде жас ақын-жазушылармен «Ұлт әдебиеті – жастар көзімен» атты онлайн жүздесу өткізеді.
Онлайн жүздесудің мақсаты-қазіргі қоғамдағы жас ақын-жазушылардың ұлттық руханияттағы тіл, ұлттық мүдде, патриотизм, ой
құндылығы туралы пікірлерін ортаға салу.
Сондай-ақ қазіргі қоғамда қай бағытқа қарай бет алуды, бүгінгі руханияттың көтерер жүгі, әлемдік әдебиетте қазақ қаламгерлері қандай орын алып отырғандығы жөнінде пікір алмасу. Жас қаламгерлер мен Үкімет арасында байланыс орнату. Министрлік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен таныстыру. Қоғаммен тығыз қарым-қатынас орнату. Оларды шығармашылығында жеңіл тақырыптарды емес, ойға қанат бітіретін, адамзат ойының дамуына үлес қосатындай шығармалар жазуға талпындыру.
Өзгермелі қоғамда қазақ әдебиетіндегі проблемалар қалай көтеріліп жатыр, бүгінгі қоғамның бағыты қайда бет алуда, әлемде орын алып отырған пандемия жағдайындағы адамзаттың ішкі жан дүниесіндегі өзгеріс қандай, ақын-жазушылар халықтың рухын көтеруде қаламына нені қару етіп жүр?
Қазіргі қазақ әдебиетіндегі сын жанры, драматургия сондай-ақ балалар әдебиетін дамыту туралы нақты ұсыныстар айтылады.
Пікірталасқа еліміздің барлық өңірлерінен ақын-жазушылар қатысады. Олар: Ерлан Жүніс, Мақпал Жұмабай, Мақпал Мыса, Бейбіт Сарыбай, Мерей Қарт, Жұлдызай Ысқақ, Есбол Нұрахмет, Ұмтыл Зарықққан, Бақытбек Қадірұлы, Алмас Нүсіп, Алмас Мырзахмет, Айзат Рақыш, Айбол Исламғали, Батырхан Сәрсенхан, Нұртас Тұрғанбек, Нұржан Байтөс, Бауыржан Мырзақұл, Айжан Тәбараққызы және т.б. қаламгерлер.
Онлай кездесудің қорытындысында пікір алмасу, нақты ұсыныстар айтылып, түйткілді сұрақтарға жауап алу мүмкіндіктері болады.
Толығырақ ақпарат үшін мына телефондарға хабарласыңыздар: 8 7172 74-27-84; 8-775-168-4247